Өткен тәулікте 2716 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2716 адам коронавирус жұқтырған

26.04.2021

Елімізде өткен тәуліктерде 2700-ден астам адам коронавирус инфекциясына шалдықты. Ал, қазір 10 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары. Ал, Шымкент қаласы мен Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары «сары» аймақта. Әзірге тек Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облысында жағдай тұрақты.

Кеше ел бойынша тағы 2716 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша, ауырғандардың жалпы саны 300 мыңнан асты. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 25 адам шалдыққан.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу