Таразда нан қымбаттады
Таразда нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады. Қазір ас атасы дүкендерде 90 теңгеден сатылып жатыр. Жағдайды зерделеген мамандар бұл жолы қымбаттауға негіз бар дейді. Бағаның өсуіне солтүстік өңірдегі бидай мен 1-сұрыпты ұнның қымбаттауы әсер еткен. Бидай 75-тен 95-ке, ал ұн 110-нан 125 теңгеге дейін өскен. Соңғы екі жылда нан бағасын тұрақты ұстау үшін наубайханаларға 3,5 мың тонна ұн төмен бағамен беріліп келді.
Төлебек Құлекеев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:Облыста өндірілетін бидай сапасы бойынша сәйкес келмейді. Сәйкесінше осыған байланысты облыстағы нан бағасы Солтүстік өңірден сатып алынатын ұн және бидай бағасына тәуелді болып келеді. Алдағы уақытта нан бағасы 90 теңге көлемінде ұсталып тұратын болады. Бұл бағытта тұрақтандыру қорынан алдағы уақытта жергілікті бюджеттен қосымша қаржы сұратылып нан бағасын ұстау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» – әдемі ұран да, науқан да емес. Бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі.
29.09.2026, 11:51
Президент: Біз Германияға стратегиялық маңызды материалдар саласында серіктестік құруды ұсынамыз
29.09.2026, 11:03
Қызылордадағы пансионат құрылысында 600-ге жуық адам жұмыс істейді
29.09.2026, 11:00
Жаңа ауруханалар несімен ерекшеленеді?
29.09.2026, 11:00
Бескөлдегі емхана заманауи талапқа сай жабдықталады
29.09.2026, 10:00
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12