Қазақстан құрылысшылар одағы баспана бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрылысшылар одағы баспана бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді

23.04.2021

Ал Қазақстан құрылысшылар одағы баспана бағасының неліктен қымбаттап жатқанын түсіндірді. Айтуларынша бұған зейнетақы қорындағы қаржының берілуі емес, негізінен құрылыс материалдарының қымбаттауы әсер етіп жатыр дейді.

Мәселен шыны бағасы 15 пайызға өскен. Өйткені оның басым бөлігі шетелден тасымалданады. Сондай-ақ қара металдың құны да жеті жарым процентке қымбаттап отыр. Ал бетон - 4, цемент пен құмның құны - 2 пайызға өскен.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу