Ақтөбеде мәслихат депутаты бастаған іскер әйелдер тобы карантин талабын бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мәслихат депутаты бастаған іскер әйелдер тобы карантин талабын бұзған

23.04.2021

Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты мен қалалық мәслихат хатшысы бастаған іскер әйелдер тобы карантин талаптарын бұзды. 

Олардың мейрамханалардың бірінде ауызашарға жиналған видеосы әлеуметтік желілерге тарап кетті. Көңілді топтың бел ортасынан өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова мен қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанованы байқауға болады. Қазір өңір «қызыл» аймақта. Демек облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ауызашар жасауға тыйым салынған.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Әлеуметтік желіге шығып көрдім. Қалалық әкімдік жанындағы мониторингтік топқа хабарлама жіберілді. Хабарлама түскеннен кейін барлық қатысқан адамдарға және және мейрамханаға әкімшілік шара қолданады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу