Әйгілі шопан Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына — 125 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі шопан Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына — 125 жыл

23.04.2021

Биыл екі мәрте Социалистік еңбек ері, әйгілі шопан Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл. Осыған орай елімізде онлайн форматта халықаралық ғылыми конференция өтті. Алқалы жиынға Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігінің өкілдері, өңір әкімдері мен ғалымдар қатысты. Саналы ғұмырын мал шаруашылығына арнаған даңқты шопан 30-шы жылдары елімізде Қаракөл қойын өсіруді қолға алған. Сол тұста отардағы әр 100 саулықтан 160-қа жуық төл алып, әр бастан төрт келіге дейін жүн қырыққан. Сөйтіп жүріп, қоғам ісіне де белсене араласады. Сондықтан, «Малшылардың маршалы» атанған дала академигінің өмір жолын жас ұрпаққа насихаттап, аграрлық саланың әлеуетін арттыру басты міндетіміз дейді ғалымдар.

Әбдірахман Оңбаев, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:
Қазақ даласында мал шаруашылығын өркендетуге жұмыс жасауымыз керек. Осы конференцияның өтуінің өзі болашақ мамандарды мал бағу бағытындағы технологияларды, бұрынғы, қазіргі тәсілдерді игеруге үлкен үлесін қосады деп ойлаймын.  

Нұрхан Нұрланұлы 

Шопан Жазылбек Қуанышбаев малшы малшылар слеты

Хабарламаларға жазылу