Квазимемлекеттік секторда 13 қоғамдық кеңес құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Квазимемлекеттік секторда 13 қоғамдық кеңес құрылады

22.04.2021

Квазимемлекеттік секторда 13 қоғамдық кеңес құрылады. Бұл жөнінде ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлімдеді. Олардың қызметі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі резервтерінен қаржыланды. Қоғамдық кеңестер «Самұрық - Қазына», «Бәйтерек», «Қазақстан инжиниринг», «ҚазАвтоЖол» сынды холдингтер мен компанияларда құрылмақ. 

Сондай-ақ, вице-министр қазіргі пандемия кезінде қайырымдылық ұйымдарының саны 3 есе артқанын айтты. Ал еріктілердің қатары 200 мыңға жеткен. Президенттің бастамасымен оларға жүйелі қолдау механизмдері енгізіліп жатыр. Мәселен, оқуға түсіп, мемлекетік қызметке кіру кезінде құқытры кеңейтіледі. Зейнетке шыққанда волонтерлік қызмет атқарған уақыты есепке алынады. Оған қоса мемлекеттік мүлікті жеңілдік арқылы пайдалану тетігі қарасытарылып отыр. Қайырымдылық көмектің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қайырымдылық ұйымдардың реестрі жасалмақ. 

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Бұдан бөлек, министрлік Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын әзірлеген болатын. Ол волонтерлік бастамаларды одан әрі дамытуға ықпал етіп, азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын жандандыруға, волонтерлік мәдениетті одан әрі нығайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу