Қызылорда облысында 43 мыңға жуық тұрғын ауызсуға зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 43 мыңға жуық тұрғын ауызсуға зәру

22.04.2021

Қызылорда облысында 43 мыңға жуық халық ауыз суға зәру. Ал негізі Сырдария және Талап топтық су құбыры жобасы бойынша Жаңақорған ауданындағы 28 елді мекен тіршілік нәрінен таршылық көрмеуі тиіс. Бірақ қос жобаға 11 млрд теңге жұмсалып, құрылысы аяқталғанымен жұрт қызығын көрмей отыр. Сенат депутаты Нариман Төреғалиев осылай деп Үкіметке сауал жолады. Қазір Талап су өндіру кешенінде қазылған 8 ұңғымадан құм аралас су шығады. Сондай-ақ аталған екі гидро нысан сумен жабдықтаудың маңызды топтық және оқшау жүйелерінің тізбесіне енгізілмеген. Салдарынан халық ауыз суға толық тариф төлеп отыр.  

Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қазіргі таңда ауызсу халыққа күніне 1-2 сағатқа беріліп, уақытпен шектелген. Осы жобалардың толық іске қосылмауы салдарынан тұрғындар ауызсуды аулада орналасқан шахталық құдықтардан немесе кіші ұңғымалардан алып ішуге мәжбүр. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу