Елорданың тағы бір сауда орталығында екпе егу пункті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың тағы бір сауда орталығында екпе егу пункті ашылды

22.04.2021

Елордада ковидке қарсы екпе салатын тағы бір нысан ашылды. Қала тұрғындары мен қонақтарына Абу-Даби Плаза сауда орталығының екінші қабатынан тегін екпе алуға мүмкіндік бар. Екпе егу пункті таңғы сағат 8.00-ден кешкі 22.00-ге дейін ашық. Бүгін түске дейін бұл жерден 40-тан астам адам вакцина алды. 

Күлпан Шаймерденова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Бүгін келіп, вакцина алдым. Мен сияқты егде азаматтар екпе салдырып отыру керек, себебі біз вирус басқа ауруларды асқындырып жіберуі әбден мүмкін. Сондықтан мен осында келіп екпе алуға шешім қабылдадым.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу