Алматыда ұйымдасқан ірі қылмыстық топ ұсталды. Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесі қиылысындағы бизнес-орталықтың алдында/ топтың бірнеше мүшесін құрықтауға қарсы өткен арнайы операцияның видеосы тарады. Ғимарат қызметкерлерінің айтуынша, жедел уәкілдер бір мезетте бірнеше адамды ұстап әкеткен. Олар бірнеше айдан бері синтетикалық есірткі өндірумен және сатумен айналысқан. Топ құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Олар логистикалық компания арқылы Ресейден есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді алдырып отырған. Арнайы іс-шара барысында 10 айыпталушы да ұсталды. Жалға алған үйлерді тінту кезінде құрамында иісі бар ақ ұнтақ зат салынған пакет, өсімдік тектес жасыл ұнтақты зат табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалған. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жазира Оразқызы