Қазақстанда шамамен 15 мың еңбек мигранты бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда шамамен 15 мың еңбек мигранты бар

21.04.2021

Ал шетелдік жұмысшыларға келсек. Қазақстанда қазір шамамен 15 мың еңбек мигранты бар. Олар көбіне Түркия мен Қытайдан еңбек етуге келген азаматтар. Бұл елдерден 5 мыңнан аса адам келген. Жалпы Қазақстанда жүрген еңбек мигранттарының 648-і басшы және оның орынбасары қызметінде, 3200-ден аса азамат құрылымдық бөлімшелерде басшы. Ал басым бөлігі 7,5 мыңнан аса шетелдік жұмыс күші маман, қарапайым жұмысшы болып еңбек етеді. Қалғаны маусымдық жұмысқа тартылған азаматтар. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу