Өскеменде жаңа үйдің қабырғасын қаптаған материал құлап жатыр
Өскемендегі жаңа үйдің қабырғасын қаптаған материал құлап жатыр. Дәл осы үйдің қабырғасы былтыр да сыр берген. 9 қабатты үйде 162 отбасы тұрады. Бірақ бұл үйден несиеге пәтер алғандардың қуанышынан гөрі өкініші басым. Себебі баспана өте сапасыз салынған. Қыс түссе суық. Жаз шықса осылай қабырғасы сөгіле береді. Жаңа үй Қазақстан ипотекалық компаниясының тапсырысымен салынған. Ал құрылысқа жауапты компания банкрот болған. Төзімі таусылған үй тұрғындары облыстық прокуратураға шағым түсірді.
Бақытбек Әміренов, қала тұрғыны:
Хат жазып бердік, осыны тексеріп, шара қолданыңыздар деп. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жіберді. Ол жақтан қылмыстық жауапкершілікке тартуға ешқандай негіз жоқ деген ресми жауап келді. Сонда мынау қылмыстық жауапкершілік емес пе?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16