Каспийдің жағасынан 20 түйенің өлексесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспийдің жағасынан 20 түйенің өлексесі табылды

21.04.2021

Маңғыстауда Каспий теңізінің Түпқараған ауданына қарасты жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды. Мамандардың айтуынша түйелер ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін. Қатты толқынның салдарынан жағаға енді шығып жатыр. Қазір төтенше жағдайлар департаменті мен ветеринария станциясының қызметкерлері өлекселерді жойып жатыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу