Елімізде 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

21.04.2021
Елімізде 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

1 сәуірдегі жағдай бойынша 14 794 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметің көрсетіп жүр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 648 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 240 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 397 адам және 491 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 329 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 689 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 641 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 489 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 617 адам, Түркия – 1 490 адам, Үндістан – 1 098 адам, Ұлыбритания – 947 адам, Өзбекстан – 1 369 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Хабарламаларға жазылу