Ақтөбенің Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбенің Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінді

20.04.2021

Ақтөбе облысының денсаулық саласын басқарған Әсет Қалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Әлеуметтік желілердегі пабликтерге осындай хабарламалар шықты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты іс қозғалғанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы да растады. Алайда, ресми мәлімет берген жоқ. Қолда бар ақпараттарға сай, Қалиев пен тағы бірнеше адам коронавирусқа қарсы күреске бөлінген 75 миллион теңге бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсады деген күдікке ілінген. Әсет Қалиев өткен жылдың қыркүйегінен бастап Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасын басқарып келеді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу