Коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстарын күшейту қажет - Үкімет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстарын күшейту қажет - Үкімет басшысы

20.04.2021

Өңірлерде коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстарын шұғыл күшейту қажет. Бүгін Үкімет отырсында Премьер-министр осындай тапсырма берді. Өйткені елдегі эпиджағдай оңалмай тұр.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, төртінші тоқсанда төрт мыңға жуық оқушы індет жұқтырған. Ауруханалардағы орынның жартысына жуығы бос емес. Емделіп жатқан 14 мың адамның 700-ге жуығы жан сақтау бөлімінде. «Ал өңірлерде вакцинаның 180 мың дозасы бар», - дейді Алексей Цой.

Қазір екпе тәулігіне 7 мың адамға салынып жатыр. Бірақ Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында қарқын төмен. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, сәуір айының соңына қарай тәуліне 3-4 мың адамға дейін коронавирус жұқтыруы мүмкін. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 221 елдің ішінде 110-орында екен. Ал індеттен көз жұмғандардың саны бойынша 107-орында.

Эпидэмиологиялық жағдайды жақсарту үшін Үкімет басшысы халықты екпемен қамтуды арттырып, мобильдік топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды. 

Досжан Маратұлы

Үкімет

Хабарламаларға жазылу