Қарағанды облысында 274 киік мүйізі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 274 киік мүйізі тәркіленді

20.04.2021

Қарағанды облысында көлігінде 274 киік мүйізі мен түрлі қаруы бар үш ер адам ұсталды. Енді күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Криминалдық полиция қызметкерлері 15 сәуір күні Жаңаарқа ауданының аумағында 34 жастағы ер адам тізгіндеген автокөлікті тоқтатқан. Тінту кезінде оның көлігінен Қызыл кітапқа енген жануарлардың мүйізі мен бірнеше қару табылған. Жүргізушімен бірге салонда Қарағанды қаласының 28 жастағы екі тұрғыны болған. Қазір күдіктілер түгел уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. 

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Көлікті қарау және тергеу әрекеттері барысында күдіктілерден 274 киік мүйізі және әр түрлі маркадағы қару тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-шы және 287-баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу