Ресеймен шекарадағы Көптоғай ауылының маңындағы қоршаулар алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресеймен шекарадағы Көптоғай ауылының маңындағы қоршаулар алынды

19.04.2021

Атырау облысының Құрманғазы ауданы қарасты Көптоғай ауылы маңына орнатылған шекара қоршаулары алынып тасталды. Қиғаш өзенін айналдыра бағаналар тұрғызыла бастағанда, тіршілігі өзенге байланған ауыл халқы наразылық танытқан. Бұдан кейін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоршаулар кері алынған соң, малды өзеннен суаруға және алқаптарға су жеткізуге кедергі болмайды дейді аудан әкімдігі.

Қазақстан мен Ресей арасында 2005 жылы қол қойылған келісімге сәйкес шекара белдеуі орнатылады. Демаркациялық жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Дәл осы Көптоғай елді мекені аумағындағы инженерлік жолақтарды айқындау кезінде №23-ші және №24 шекаралық белгілер арасындағы 1500 метрге дейін созылған қоршау Ресей аумағына кіріп кеткені анықталған. Қазір осы олқылықты жою жұмыстары жүріп жатыр.

Ардақ Әмірғалиев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі:
Аталған инженерлік құрылғыны өту сызығын өзгерту бойынша жергілікті тұрғындардың тарапынан қандай да бір өтініштер болатын болса, бұл сұрақты шешу бойынша құзырлы органдар, Сыртқы істер министрліктеріне тағы басқа органдарға өздерінің әкімшіліктері арқылы шығуларына болады.

Жандос Темірғали


шекара жер

Хабарламаларға жазылу