Вакцинация қарқынды жүрген елдерде індет бәсеңдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцинация қарқынды жүрген елдерде індет бәсеңдеді

19.04.2021

Үндістанда кеше коронавирус жұқтырған 261 мыңнан астам адам тіркеліп, тағы антирекрорд жаңарды. Тәулігіне мың жарымдай адам қайтыс болуда. Індет әсіресе Махараштра штаты мен ел астанасы Нью-Делиде өршіп тұр. Мұнда тест тапсырған әрбір үшінші адамда «ковид» анықталды.

Бразилияда шектеулерге қарамастан, заңсыз сауық кештерін өткізу тыйылмай тұр. Соңғы аптада арнайы рейдтен кейін талапты орындамаған бірнеше көңіл көтеру орны жабылды. Елде кешкі 8-ден соң көшеге шығуға тыйым салынған. Вирустың таралуы күшейіп, дертке шалдыққандар саны 14 миллионға жуықтап қалды.

Ал Изральде көшеде маска тақпауға рұқсат берілді. Бұған инфекция жұқтыру оқиғаларының азаюы себеп. Елде халықтың 81 пайызы екпенің екі дозасын қабылдаған. Сондықтан карантин жеңілдетіліп, оқушылар мектепке оралып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу