Семейдегі жаңа автопаркке қатысты дефолт жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі жаңа автопаркке қатысты дефолт жарияланды

19.04.2021

Семейде қоғамдық көлік мәселесі одан сайын ушыға түсті. Екі жыл бұрын ғана құрылған автопаркке қатысты дефолт жарияланып отыр. Өйткені, кәсіпорын Қазақстан Даму банкі арқылы сатып алған 170 автобус үшін несиені өтемеген. Қазір автопарк банкке 1 млрд теңгеден астам қарыз. Одан бөлек салық төленбеген әрі өзге де кәсіпорындарға 800 млн берешек. Қала басшылығы қазір уақытша басқа тасымалдаушы кәсіпорынмен келісіп, қалаға ескі автобустарды шығарған. Ал жаңа автопарктегі қоғамдық көліктер түгелдей қайтарып алынбақ.

Нұрымбет Сақтағанов, қала әкімі:
Амал жоқ біз осы «Семей баспен» келісім шартты бұзамыз. Қосымша мына автобустар тоқтап қалмас үшін, біз уақытша басқа кәсіпорынмен келісім шартқа отырамыз. Өйткені қала автобуссыз қалмауы керек. 

Алайда «SEMEY BUS» кәсіпорыны басшыларының өз уәждері бар. Олар «БРК- лизинг» өкілдері дефолт жариялап, көліктерді қайтаруға құқықтары жоқ дейді. Себебі жаңадан құрылған автопарктің 49 пайызы үкіметке тиесілі. Автопарк құрылғалы мемлекет бөлінген субсидияны облыс әкімшілігі төлемегеннің кесірінен қиындыққа тап болдық дейді. Тасымалдаушы компания бастығы мемлекеттік органдарға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы мен прокуратураға шағым түсірген.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу