Елімізде 700 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 700 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

19.04.2021

Елімізде екпенің бірінші компонентін алғандар саны 700 мың адамға жуықтады. Ал екінші рет салдырғандар 118 мың адамнан асты. Вакцинациялау ісінде ірі мегаполистер Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр. Елордада 58 мыңнан астам адам вакцина алса, Алматыда бұл көрсеткіш 135 мың тұрғынға жуықтады. Қазір қала бойынша 203 пунктте 2 мыңға жуық маман жұмыс істеп жатыр. Мегаполистегі сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлармен қатар мјдени нысандарда екпе егу орындары ашылып, вакцинациялау жоспарға сай жүргізілуде. 

Эльмира Битанова, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедра меңгерушісі:
Вакцина үшін елімізде барлық жағдай жасалып отыр. Екпе егу орындарында кезек күтудің де қажеті жоқ. қазір инфекция жұқтырған науқастар күн сайын көбейіп жатыр. Осы вирустың кесірінен қаншама адам көз жұмды. Сондықтан, баршамыз індетті тоқтатуға атсалысуымыз керек.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу