«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қоршаған ортаға 1 миллиард теңгеден астам залал келтірген. Биыл наурыз айында болған өндірістік апаттан кейінгі жоспардан тыс тексеру қорытындысы осыны көрсетіп отыр. Сол апаттың салдарынан ауаға зиянды қалдықтар тараған соң экология департаменті келтірілген 5 миллион теңгеден астам залалды өндіру туралы нұсқама берді. Ізінше комбинаттағы 9 цехта жаппай тексеріс жүргізіліп, оларда да өрескел заңбұзушылықтар әшкере болды. Мәселен, бірқатар жұмыстарды экологиялық сараптамалардың шешімінсіз істей берген. Эмиссия шарттары орындалмаған. Енді компания бұл шығынды түгелдей орнына толтыру қажет.
Аян Оспанов, облыстық Экология департаментінің бас маманы:
Компанияға 1 миллиард 371 миллионннан астам теңгеге келтірілген залалдың орынын толтыру жөнінде нұсқама берілді. Сондай-ақ, әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 4 бабы бойынша компанияға 241 миллион теңгеден астам соммаға айыппұл салынды. Алған мерзімнен бір ай ішінде олар төлеуі керек. Егерде төлемеген болса онда біз сотқа жүгінеміз.
Руслан Нұрланұлы