Түркияға турлардың сатылымы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияға турлардың сатылымы тоқтатылды

16.04.2021

Түркия теңізіндегі демалыс кейінге қалдырылды. Еліміздің туроператорлары Анадолы еліне турлардың сатылымын уақытша тоқтатты. Ал бұған дейін сатып алынған тур бойынша туристердің демалысы кейінге шегеріліп отыр. Туроператорлар қауымдастығы президентінің хабарлауынша туристік жолдамалардың сатылымы мамыр-маусым айларында қайта басталады. Өйткені Түркияда індет ушығып тұр. Вирусты күніне 50 мың адам жұқтырып жатыр. Соның кесірінен ұшақ рейстері де азайтылған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу