Қостанай облысында бір күнде 3 мыңға жуық адамға вакцина егілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында бір күнде 3 мыңға жуық адамға вакцина егілді

16.04.2021

Қарағанды облысында тәртіп сақшылары жаппай екпе алуда. Бүгінгі күнге дейін 1 мыңнан астам полицей вакцина салдырған. Дәрігерлер күніне 300 адамнан қабылдауда. Жалпы облыс бойынша жеке құрамның 6 мың қызметкеріне сәуір айының соңына дейін екпе салынбақ.

Талғат Оспанов, патрульдік полиция батальонының командирі:
Біз халықпен жұмыс істейміз күнде-күнде, жеке құрам жұмыс істейді. Сол себептен өзім шешім қабылдап, жеке құраммен бірге вакцина алуға шешім қабылдадым. Әзірше жақсы, жоқ, ештеңе сезілмейді. Бәрі тамаша, денсаулығым тамаша. Бұрыңғы қалыпты өмірге келу үшін бәріміз вакцина алуымыз керек деп ойлаймын.

Қостанай облысында бір күнде үш мыңға жуық адам ковид 19-ға қарсы вакцина алды. Оның ішінде 2 жарым мыңнан астамы 1- ші компонентпен, 300-ден астамы 2-ші компонентпен егілген. Аймақта екпе алғаннан кейінгі жайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Облысқа барлығы 36 000 доза вакцина жеткізілген. Халықтың барлық санаттарын иммундау үшін «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы қолданылады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу