Өткен жылы Атыраудағы Миялы қорғанынан табылған темір сауытты адамға қатысты құпия ашыла бастады. Алғашқы зерттеу жұмыстары аяқталды. Ғалымдар тарихи құндылықтың біздің заманымыздағы X-XI ғасырға тиесілі, түркі халықтарына жататын жауынгер екенін анықтады. Бет-бейнесін жасап шығарған мажарстандық антропологтар, жауынгер Оғыз мемлекетінің батыры болуы мүмкін дегенді айтады. Енді құнды жәдігерге бастан-аяқ реставрация жасалады. Қазба жұмыстары облыстық тарихи-өлкентану музейінің жетекшілік етуімен жүргізілді. Сол кезде тоналмаған қабірдің ішінен жауынгердің сүйегі мен ұзындығы 1 метр қылыш және ағаштан жасалған қалқан мен 40 дана жебе, темір және алтын жапсырмалар, ат әбзелдері, түрлі жоралғыға арналған табақша табылды.
Қырым Алтынбеков, «Қырым аралы» ғылыми зерттеу орталығының басшысы, халықаралық дәрежедегі реставратор:
Үлкен-үлкен заттардың бәрі ешкім тонамай сол күйінде қалып қоюы – ол өте сирек кездесетін дүние. Соған қарап отырып, тарихтың бәрін ашып, қандай адамдар қай уақытта тұрды, не істеді дегеннің бәріне жауап таба аламыз.
Жандос Темірғали