ШҚО-ның Аягөз ауданында карантин күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-ның Аягөз ауданында карантин күшейтілді

16.04.2021

Аягөз ауданы бойынша карантиндік шектеулер күшейтілді. Өйткені, соңғы күндері коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт арта түсті. Қазір ауданда 58 адам жұқпалы дертпен ауырып жатса, 124-і оқшауланған. Індетке шалдыққан балалар да бар. Екі мектеп жабылды. Мамандар мұны тоғыз жолдың торабында тұрғын ауданға келіп-кетушілердің көптігімен байланыстырады. Енді қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен өзге де қызмет көрсету нысандарының жұмыс уақыты қысқартылады. 

Дәулет Жұмаханов, Аягөз аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
Қоғамдық тамақтану орындарынан бөлек базарлар, ашық базарлар демалыс күні істемейді. Ғимарат ішіндегі базарлар жексенбі және сенбі күндері істемейді. Сондай шектеу қойып отырмыз. Ауырып емханада жатқандардың саны мына сәуір айының екінші аптасынан бастап, күрт өзгере бастады. Күннен күнге өсіп келе жатыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу