Тауардың еркін айналымын реттейтін заң жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауардың еркін айналымын реттейтін заң жобасы мақұлданды

15.04.2021

 15 түрлі тауар Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай техникалық реттеуі мен тауарға белгіленген талап тізбегіне енбей қалды. Өйткені ұйым оларды әзірге қауіпті өнімге жатқызды. Арасында сағат, әшекей бұйымдары мен тұрмыстық щеткалар да бар. Енді сол тауарлардың еркін айналымын жүйелеу үшін Сенат арнайы заң жобасын мақұлдады. Осылайша әрбір өнімнің қоршаған ортаға залал келтіргені анықталса, бұдан былай Одақтың ортақ ақпараттық ресурсында орналастырылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Бұл – Одаққа мүше елдердің кәсіпкерлеріне тең жағдай жасау және адал бәсекелестікті қалыптастыру үшін қажет. Сонымен қатар тұтынушылар үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету де маңызды екені сөзсіз.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу