Сергеев су қоймасы ернеуінен 120 сантиметрге асты
Тасқын суға тосқауыл. Ақмола облысына қарасты Целиноград пен Аршалы аудандары су астында қалмас үшін қосымша күш тартылды. Қарағанды өңірінен келген әскерилер әсіресе №42 Разъезд стансасы мен Жібек жолы ауылында тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бүгін елді мекендердің айналасын құм салынған қаптармен қоршауға алды. Аршалы ауданында 6 мың 700 текше метрден аса су сорылды.
Нұрлан Атығаев, Ақмола облыстық ТЖД бастығы:Астана су қоймасынан ағын судың артуы салдарынан қос ауылда қауіп туындады. Соған байланысты Азаматтық қорғаныс полкінің 52/859 әскери бөлімі күштерінен 50 адам және 3 техника жіберілді. Төтенше жағдай департаменті Ақмола гарнизоны күштерінен де 30 адам, 3 техника, 4 мотопомпа күштері біріктірілді.
Солтүстік Қазақстанда орналасқан Сергеев қоймасындағы су деңгейі ернеуінен 120 сантиметрге асып, төгіліп жатыр. Есіл өзенінің максималды деңгейі Сергеевка қаласының маңында тіркелді. Су жақын күндері Петропавлға жетпек. Мамандардың болжамынша өңірде 79 елді мекенді су басуы мүмкін.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16