«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері екпе алуды бастады
Халықты вакциналау ерекше қарқынмен жүргізіліп жатыр. Бүгінде Елордада 38 мыңнан астам тұрғын екпе қабылдады. Сондай-ақ, ұжыммен бірге вакцина қабылдау бастау алды. Мәселен, Ұлттық Музейдің қызметкерлері 2-ші күн қатарынан медициналық көшпелі бригада шақыртып, 70% екпе салдырды. Олардың отбасы мүшелері бірге вакцина қабылдауда. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшылығы мен қызметкерлері де №5 қалалық емханада екпе алуды бастады.
Еркін Мұхамеджанов, «Qazaqstan» телеарнасының директоры:Біз осы журналистика саласында жүргеннен кейін барлық ақпаратты тексереміз. Әзірге вакцинадан басқа жол көріп тұрған жоқпыз. Әрине, бұл жеке пікір.
Мақпал Жұмабай, «Balapan» телеарнасының директоры:Шамамен 15 минут бұрын вакцина қабылдадым. Өзімді қалыпты, жақсы сезініп отырмын. Алғашқы толқыны болған кезде отбасымызбен қатты ауырдық. Және екінші рет мұндайға жол бермеймін деп ойлаймын. Ғылымның жетістіктеріне, жаңалықтарына сену керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде коронавирусқа қарсы 165 вакцина өндірілген. Бірақ оның 15-і ғана өз тиімділігін көрсетіп, рұқсат алды. Еліміздегі «»Спутник V» соның бірі. Сондықтан дәрігерлер жаппай вакцинациялауға атсалысуға шақырады.
Алтыншаш Табулдина, №5 қалалық емхананың бас дәрігері:Екі мыңнан астам адам осы жерде вакцинация алды. Бәрінің жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсер болып көрген жоқ.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05