Қазақстан 2 апта бойы «қызыл» аймақта тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2 апта бойы «қызыл» аймақта тұр

14.04.2021

Елде сәуірден бастап эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Бүгінге дейін 29 мың 200 жұқтыру дерегі тіркелген. Бұл өткен айдан 2,8 есеге көп. Осылайша Қазақстан вирус таралу деңгейі бойынша тәуекелі жоғары аймақтан 2 аптадан бері шыға алмай тұр. Бірақ, Түркиядағы жағдай бізден де күрдеді. Онда күн ара 50 мың адам ауруға шалдығып отыр. Соған байланысты ведомствоаралық комиссия отырысында Түркияға рейстер санын қысқарту мәселесі көтерілді. Ұсыныс қаралып жатыр. Ал, елде вакцина қабылдау шараларын жеңілдетіп, 1200 егу пункті белгіленді. Бұл көпшілік орындарда іске асырылады.

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: 
Бүгінде Спутник V вакцинасының екі компанентін қоса алғанда 605 мың адам салдырды. Жалпы, өңірлерге 923 мың доза жеткізілді. Енді осы айдың соңына дейін тағы 910 мың екпе тарату жоспарланған. Сондай-ақ қазір қосымша 500 мың вакцина алу үшін Еуропа, Америка және Қытай елдерімен келіссөз жүргізілуде.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу