Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 17 млн шаршы метр үй пайдалануға берілмек. Ауқымды шаруаның қалай іске асып жатқанын баяндаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі бұл 163 мың отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді дейді. Оның 43 мыңы үй кезегінде тұрған отбасылар. Ал пәтер кезегінде тұрғандардың еліміздегі жалпы саны 560 мың адам. Оларды тұрғын жаймен қамту үшін 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр үй салу жоспарланған.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі:
Құрылыс саласында дамудың оң серпіні байқалады. Құрылыс монтаж жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсті. Құрылыс белсенділігі Маңғыстау облысын қоспағанда 16 өңірде байқалады.
Досжан Маратұлы