Қазақстанда 1300 ауылда мүлдем интернет жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1300 ауылда мүлдем интернет жоқ

13.04.2021

Ауылдарды интернетпен қамту жолында технологиялардың алуан түрі қолданылады. Алыс-жақын орналасқан елді мекендердің табиғатына байланысты кей жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілері, кей жерлерде радиорелелік антенналар орнатылады. Және интернетсіз отырған көптеген ауылдардың мәселесін қарастыратын өзге де жолдар бар. Бұл тақырыпты тілшіміз Ламбриан Топузидис зерттеп көрді.

Елімізде бес жарымға жуық ауыл ғаламторға қосылған. Бұл соңғы екі жылда жүргізілген жұмыс.

Айнұр Күзербаева, «Қазақтелеком» АҚ төрағасының кеңесшісі:
Қазақстанның территориясы өте кең. Кейбір жерлерде біз таулы тастардың арасымен өттік. Ондай кезде жұмыстар кішкене бәсеңсіп қалады. Таулы тастардың ішін кесіп өту деген ол оңай емес. Кейбір жерлерде көлдің астымен өткізілді. Кейбір жерлерде жаңағыдай көлдің, көпірдің үстімен өткізілді. 

Талшықты оптикалық желілер шыныдан өңделеді. Мөлдір материалдан жасалған жіп жарықпен бірге сигналды да өткізетін ең жүйрік тетік. Лондон, Нью-Йорк қор биржаларының тоқтауысыз қызметі осы талшықтардың ақпаратты жылдам өткізгіш қабілеттілігіне байланысты. Ұзын кабельді тиеген мына кеме оны Атлант мұхитының түбімен жүргізіп, Британиядан АҚШ-қа дейін жеткізеді.

Ламбриан Топузидис, тілші: 
Жалпы интернетке қосылудың бірнеше жолы бар. Біріншісі, ол талшықты оптикалық желілер арқылы. Кабель сіздің пәтеріңізге дейін тартылып, компьютеріңізге жалғанады. Екіншісі, ол ешқандай сымсыз, дөңгелекше болып келетін радиорелелік антенналар арқылы. Және спутниктік трансмиссиялар арқылы. Спутник антенна секілді сигналды жерден қабылдайды да, оны басқа жер станциясына таратып береді. Оны жылдамдату үшін елімізде бірқатар стратегиялық шешім қабылданды.

Бүгін әлсіз интернетті пайдаланып жүрген 510 ауыл бар. Биыл олар талшықты-оптикалық және радиорелелік байланыстарға толығымен ауыстырылып, кең жолақты интернетке қол жеткізеді. Мысалы, Ақмола облысы, Арайлы ауылында 10 шақырым радиусқа сигнал жіберетін базалық станса бар. Радиорелелік антенналар тұрғындарды интернеттің 3G желісіне қосылуға мүмкіндік беріп отыр.

Нұржан Дүйсебай, ҚР-сы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі баспасөз қызметінің өкілі: 
 Биылдан бастап интернет сапасына байланыс операторына қойылатын айыппұл саналады. Бұл дегеніміз бұрындары өте төмен болса айыппұлдар саны, интернет сапасы нашар болса, биылдан бастап осы заңнамаға қол қойылған жағдайда 100 айлық көрсеткіші көрсетілуі мүмкін.

Дегенмен, елімізде мүлдем интернеті жоқ 1300 ауыл бар. Оларды талшықты-оптикамен де, радиорелелік антенналармен де қамту мүмкін емес. Ол ауылдарда спутниктен сигнал алатын базалық станса да жоқ. Бұл ауылдық елді мекендерге жоғары сапалы интернетті OneWeb немесе SpaceX-тің StarLink спутниктік топтар жеткізіп береді. Себебі олар Жерге жақын төмен орбитада ұшып жүр. Оларға Ақкөлдегі Ғарыштық байланыс орталығы жер үстіндегі серіктес болуы керек. ҚазСат-2 мен ҚазСат-3 36 мың шақырым қашықта геостационарлық орбитада ұшып жүр. Сондықтан олар бүкіл Қазақстанның жер бетін сигналмен толық жабуды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен, ҚазСаттардың қолданыс мерзімі ұзақтау болады - 15 жыл. Ал, SpaceX-тің спутниктері төмен орбитада ұшатын атмосфералық қалдықтардың әсерінен 5-7 жылда тозып кетеді екен.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу