«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үш жарым жылда көптеген жобалар іске асты. 132 мыңға жуық шара өтіп, 330 млрд теңгеден аса меценаттық және демеушілік көмек көрсетілді. Әліпбиді латын қарпіне көшіруде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Орфографиялық жұмыс тобында 40-тан астам нұсқасы қаралып, ғылыми-сараптама жасалды. «Туған жер» арнайы жобасы бойынша демеушілік қаражат есебінен 280 млрд теңге тартылып, 3 мыңдай әлеуметтік нысан бой көтерді.
Ал «Ауыл – ел бесігім» жобасы бойынша 700 мыңға жуық халқы бар 53 ауылдың инфрақұрылымы жаңарды. Ал «100 жаңа оқулық» бағыты бойынша 100 оқулық еліміздің 132 жоғары оқу орнының білім беру процесіне енгізілді. Әрі аймақтардағы қасиетті орындар тізімі жасалып, 71 ескерткішке ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Энциклопедия жарық көрді. Сондай-ақ «Архив 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері» сияқты бағыттарда қыруар жұмыстар атқарылды.
Нысаналы Ығыл