Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған қостанайлық экс-шенеунік 5,5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған қостанайлық экс-шенеунік 5,5 жылға сотталды

13.04.2021

Қостанай облысындағы Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Рустам Садықов бес жарым жылға бас бостандығынан айрылды. Қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған оған аудандық сот осындай үкім шығарды. Бұрынғы орынбасардың басы дауға қалуына «Сібір жарасы» көмілген Заречный ауылының қасындағы аумақтан құм өндірісіне рұқсат бермеуі себеп болған. Себебі індет анықталған жерден қазба жұмыстарын жүргізуге болмайды. Оның сыртында құм карьері шеткі үйлерден небәрі елу метрдей ғана қашықта. Сондықтан бұған тұрғындар да наразылық танытқан. Көпшіліктің жанайқайын Ұлттық арнадан да бірнеше рет көрсеттік. Сот шешімі әзір заңды күшіне енген жоқ. Ал Рустам Садықов өзін кінәлімін деп есептемейді. 

Рустам Садықов, айыпталушы: 
Шеткі тұрғын үйден карьердің 32 метр жерде тұрғаны оны өндіруге берілген лицензияның заңсыздығының дәлелі емес пе? Сібір жарсы да дәлел емес пе? Онда Сіздерге қандай дәлел керек? 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу