СҚО-да құс фабрикалары өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатқан
Солтүстік Қазақстанда құс фабрикалары өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатып жіберген. Бұл дерек Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің облыстық департаменті жүргізген мониторинг барысында анықталды. «Якорь», «Есіл», «Адель құс» және «Алекри» тәрізді өңірдегі ең ірі құс фабрикалары бәсекелестік талаптарын бұзған.
Наталья Шаяхметова, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департамент басшысының міндетін атқарушы:
Департамент бұл кәсіпорындарға ескерту хат жіберді. Оның нәтижесі бойынша құс фабрикалары бізге жұмыртқаның көтерме бағасын түсіргендіктері жайында жауап берді. Яғни, 1-санаттағы жұмыртқаның бағасын 5-10 теңгеге арзандады.
Ал Маңғыстауда жұмыртқаның шекті бағасы бекітілді. Бұдан былай 10 данасы - 453 теңге тұрады. Ал, одан қымбат сатқан кәсіпкерге 300 мың теңге айыппұл салынады. Егер жағдай қайталанса, айыппұл көлемі 2 есе өседі. Шекті баға 3 ай қатарынан сақталады. Естеріңізге сала кетсек, жыл басында облыста жұмыртқа тапшы болып, бағасы 540 теңгеге дейін қымбаттады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16