Елімізде 2 өңір ғана «жасыл» аймақта қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 2 өңір ғана «жасыл» аймақта қалды

12.04.2021

Елімізде 2 өңір ғана «жасыл» аймақта қалды. Олар Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары бар. 

Ал, коронавируспен ауырғандар саны әлі де азаймай тұр. Кеше 2290 адам вирус жұқтырса, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 37 адам шалдыққан.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу