СҚО-да асыл тұқымды мал құтырма ауруына шалдықты
Солтүстік Қазақстанда асыл тұқымды мал құтырма ауруына шалдықты. Жұқпалы дерттің тіркелуіне байланысты «Атамекен Агро Тимирязево» серіктестігінде 60 күндік шектеу шаралары енгізілді. Шаруашылық ангус сиырларын өсіреді. Мамандардың айтуынша сиырға ауру түлкіден жұққан. Жабайы аң - шаруашылық аумағына кіріп кеткен. Ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай індет ошағында залалсындандыру шаралары жүргізілді. Құтырма тіркелген аумақтарда 53 мың ірі-қараға вакцина салу жоспарланған.
Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасының жетекшісі:Мал өлім-жітімге ұшырады. Келесі күні паталогиялық материал алынып, зертханаға жеткізілді. Құтыру ауруы дәлелденді. Қазіргі уақытта шаруашылықта басқа ауру мал тіркелген жоқ. Ауру малды өртеп жіберді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16