Жамбылда 11 оқушыдан COVID-19 анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда 11 оқушыдан COVID-19 анықталды

12.04.2021

Жамбыл облысында 11 оқушы коронавирус жұқтырды. Оның төртеуі - облыс орталығында, қалғандары Қордай, Байзақ және Шу аудандарында тіркелген. Тараз қаласында қауіпті инфекция №46 мектептің 3-ші және 7-ші сынып оқушыларынан анықталып отыр. Қазір бұл балалар оқитын сыныптар жабылып, толықтай онлайн режимге көшірілді. Сонымен қатар осы сыныптарға сабақ берген 8 мұғалім де оқшауланған. Жалпы аймақта 141 оқушы індет жұқтырған.

Саясат Есеев, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы:
Қазіргі таңда санитарлық органдар, денсаулық сақтау органдары жұмыс жүргізуде. Мектептегі сыныптарда дизинфекциялық жұмыстар толық жүргізіліп, екі сынып та толығымен жабылды. Балалардың жағдайы бір қалыпты. Жақсы деңгейде. Санитарлық жағдайда барлық мектептерде ата-аналармен тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Сәбит Әлдебай

коронавирус

Хабарламаларға жазылу