Павлодар облысында еріген қар суы екі ауылды шайып кете жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында еріген қар суы екі ауылды шайып кете жаздады

12.04.2021

Күрт еріген қар суы Павлодар облысы, Ақтоғай ауданының Жалаулы және Шілікті ауылын шайып кете жаздады. Ойдан құйылған су алдымен көшелерді басып, көзді ашып-жұмғанша аулаларға кірді. Ауыр техниканы жұмылдырып, дереу жеткен құтқарушыларға тұрғындар жәрдемдесті. Көптің көмегімен асфальт жолды шайып, сарқырай аққан судың арнасы бұрылды. Сөйтіп үйлер аман қалды.

Айта кету керек, наурыздың аяғында аймақта боран тұрып, қалың қар түскен болатын. Кейін бір еріп, бір қатып мұздаққа айналды. Ал, күн күрт жылығанда жұрттты әбігерге салды. 

Мейрамбек Батырқұлов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Қазір адамдар Жалаулы мен Шілікті ауылдарындағы ағынды судың бет алысын бақылап отыр. Шолақсор ауылында да жедел топ дайын тұр. Үйлерге су кірген жоқ. Жолды шайған жерлерде суағарлар арнайы техниканың күшімен кеңейтілді. Қазір қар суы арнайы дайындалған шұңқырға құйылып жатыр.

БолатАманбаев


Хабарламаларға жазылу