Өткен тәулікте 2842 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2842 адам коронавирус жұқтырған

11.04.2021

Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігі таратқан бүгінгі мәлімет: 2842 адам жұқтырғаны тестпен расталды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. 19 адам қайтыс болған. Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония 102 адамнан табылған. 5 адам қайтыс болған. 546 адамның жағдайы ауыр, 163 адамның жағдайы өте ауыр. 99 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, 313 611 адам екпе салдырған.

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы ресей ғалымдары әзірлеген «Спутник V» вакцинасын салдырғанын 6 сәуірде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында хабарлады. Мемлекет басшысының хал-жағдайы жақсы екеніне тоқталып, халықты «мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды» деген.

Қаңтардың соңында Президент «отандық вакцина сынақтан ойдағыдай өтеді деп үміттенеміз. Онда сол вакцинаны салдырамын» деген еді. Осыған орай азаматтардың сұрақтар қойғанын да Президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті», - деп жазды Б.Уәли facebook парақшасында.


Хабарламаларға жазылу