ШҚО-дағы колледждерде «Жас маман» жобасы іске асып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы колледждерде «Жас маман» жобасы іске асып жатыр

09.04.2021

Шығыс Қазақстандағы колледждерде «Жас маман» жобасы сәтті іске асуда. Елбасы тапсырмасына сай қолға алынған бағдарлама бойынша оқу орындарының базасын заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз ету тапсырылған. Ұлан ауданының Саратовка ауылындағы колледж аталған жоба аясында бөлінген 330 миллион теңгеге жаңа техника сатып алған. Бүгінде болашақ мамандар теория мен тәжірибені ұштастырып оқып жатыр. Материалдық-техникалық базасы жаңарған оқу орнында басқа колледж студенттері де білімін шыңдайды. Студент кезінен заманауи техникамен жұмыс істеуге дағдыланған жас маманға еңбек нарығында сұраныс та жоғары. Соңғы екі жылда Шығыстағы 10 колледжге «Жас маман» жобасы бойынша 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Оралбек Оспанов, колледж директоры:
Қазіргі уақытта ауылшаруашылық ұжымдар өте бай. Олардың техникасы шет елдерден. Сол үшін біз де сондай техника сатып алдық. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу