Ақтауда әскери ұшақ тасжолға қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда әскери ұшақ тасжолға қонды

09.04.2021

Ақтауда трассаға әскери ұшақ қонып, тұрғындардың үрейін туғызды.

Әуе кемесі Ақтау-Жаңаөзен тас жолына қонған. Сол себепті жол жабылып, көліктерге айналып өтуге тура келді. Мұндайды алғаш көрген көлік жүргізушілер оқиға орнынан бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберді. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл республикалық оқу-жаттығу болып шықты.

Асылбек Жұмабаев,  кеме командирі:
«Алтын жебе» әскери ұрыс жаттығуларды тексеру барысында әскери көлік авиациясының тарихында алғашқы рет автокөлік тас жолына қонуды орындадық. Орындау барысында қойылған тапсырмаларды С 295 экипаж құрамы ойдағыдай орындап шықты.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу