CҚО-да республикалық маңызы бар жолды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

CҚО-да республикалық маңызы бар жолды су басты

09.04.2021

Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызды трассаны су басты. Волошенка-Сергеевка-Тимирязево бағытындағы жолдың 45 метрдей аумағын еріген қар суы алып жатыр. Есіл ауданында да осындай жағдай тіркелді. Горное ауылының жанында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды.  

Мұрат Қанғожинов, ТЖД бастығының орынбасары:
Жолдың проблемалық учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген жоқ. Әзірге жақын маңдағы ауылдардағы үйлері су басу қаупі жоқ. Тек жекелеген аулаларды су басу фактілері тіркелді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу