Жыл басынан бері Қазақстан бойынша 13 мыңға жуық өрт тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Қазақстан бойынша 13 мыңға жуық өрт тіркелген

13.12.2018

Жыл басынан бері Қазақстан бойынша 13 мыңға жуық өрт тіркелген. Тілсіз жаудан 350 адам қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері мәлімдеді. Брифинг барысында мамандар Жаңа жыл қарсаңында қабылданған қауіпсіздік шараларымен таныстырды.

Статистикалық мәліметтер бойынша, өрт жағдайларының 70 пайызы тұрғын үйлерде болады екен. Бұл ретте мамандар жер үйлерде тұратын тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Ең алдымен, пиротехникалық заттарды дұрыс пайдалану керек. Осы орайда 14 жасқа толмаған балаларға пиротехникалық тауарларды сатуға тыйым салынып отыр. 

Жасұлан Ақтаев, ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы:

Қыс мерзімі кезінде бізде өрт жағдайлары жазға қарағанда көбейеді. Енді Жаңа жыл мерекелері кезінде ондай оқиғалар тіркелмеген былай. Ондай үлкен өрт болған кездер. 00:00:18 бір өрт шыққан жағдай болды, шырша жанған. Ол жанағы электрогерляндыды дұрыс пайдаланбаған кезден, сол себептен өрт шыққан. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу