Вакцина қауіпті инфекцияның тарауына жол бермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина қауіпті инфекцияның тарауына жол бермейді

09.04.2021

Вакцина адам ағзасындағы қауіпті инфекцияның жасушаға енуіне жол бермейді. Сондықтан, екпе алсақ, ұжымдық иммунитет қалыптасып, індет іргемізден алыстайды. Осылай деген дәрігерлер көпшілікті сақтанғандардың қатарын көбейтуге шақыруда.

Абзал Малбасқанов, қалалық И.Жекенова атындағы инфекциялық аурухананың бөлім меңгерушісі:
Коронавирустың өзінің белоктары болады. Сол белогын алып, қанға салу. Ағзамызды ақпараттандыру. Біздің ағзамызда осы коронавирус жайлы ақпарат болатын болса, шынымен де ағза коронавируспен текетірес кездескен кезде ағза оңай түрде жеңіп шығады.

Мұхтар Апатанов, Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Індет індеген шақта міндетті түрде ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Вакцина ең алдымен сол қажет. Дегенмен, тұрғындарда бұған қатысты сұрақ көп. Күдік бар. Сондықтан, біз оның пайдасын білетін маман ретінде алғаш болып екпе алуды бастадық.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу