Алматы облысындағы колонияда сотталғандар жандалдасып, бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы колонияда сотталғандар жандалдасып, бір адам көз жұмды

09.04.2021

Алматы облысындағы түзету мекемелерінің бірінде екі сотталушы жанжалдасып, біреуі мерт болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға бүгін қауіпсіздігі орташа деңгейдегі абақтыда болған. Төбелес кезінде арашашы болған түрме қызметкерлері де жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Жазасын өтеп жатқандардың бірі кісі тонау, екіншісі қарақшылық деректері бойынша сотталған. Оқиға орнына қылмыстық атқару жүйесі Алматы облыстық департаменті басшылары, прокуратура қызметкерлері келіп, тергеу амалдары жүргізілуде.   

Қуаныш Қанатұлы

Алматы облысы

Хабарламаларға жазылу