Солтүстік Ирландияда жастар шеруі тәртіпсіздіктерге ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Ирландияда жастар шеруі тәртіпсіздіктерге ұласты

08.04.2021

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында жастар шеруі тәртіпсіздіктерге ұласып отыр. Өткен тәулікте мұнда көліктер өртеліп, демонстранттар қауіпсіздік күштеріне тас пен отты шөлмек лақтырды. 

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, қақтығыстар кезінде полицияның бірнеше офицері жараланған. 

Демонстрация қаланың Ұлыбританияға жақтас бөлігінде өтіп жатыр. Оған қатысушылар «брекситтен» кейін Солтүстік Ирландия мен Біріккен Корольдік арасында пайда болған сауда-саттық кедергілеріне наразылық білдірді.

Айта кетсек, жергілікті тұрғындарды пандемия кезінде жерлеу рәсіміне қатысқан ирланд ұлтшылдарын полицияның жазаламауы да ашындырған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу