Семейдегі автопарк қарызға батып, жолаушылар жапа шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі автопарк қарызға батып, жолаушылар жапа шегіп отыр

07.04.2021

Семейдегі муниципалды автопарк басшылары ақшаны бей берекет жұмсаған. Енді жолаушылар мен кәсіпорын жұмысшылары зардабын тартып отыр. Мемлекетпен бірлесіп құрылған компания 2019 жылы лизингке 170 жаңа автобус сатып алған. Келісім бойынша, серіктестік ай сайын лизингтік және басқа да төлемдерді уақытында жасап отыруы тиіс болған. Алайда, компания басшылығы жұмысшылардың әлеуметтік және салық төлемдерін,сондай-ақ коммуналдық қызмет ақысын аудармаған. Еңбекақыны кешіктірген. Несие қаржысын да уақытында төлемей, бүгінде бұл қарыз 1 миллиард теңгеден асып кеткен. Бірақ, бизнес санаттағы көлік жалдауға, жићаз бен басқа жабдықтар сатып алуға ақшаны аямаған. Кірістен шығынымыз көп деген желеумен соңғы екі жылда 7 миллиард теңгеден астам субсидия сұраған.

Нұрымбет Сақтағанов, Семей қаласының әкімі:
Субсидия мөлшерін олар өз жағынан дәлелдейді. Қанша адамды тасымалдады, қанша шығын болғанын, қанша табыс түскенін. Осы арқылы біз отырып алдағы уақытта біз осы мәселені шешеміз деп ойлаймын. Қобалжуға, халықтың автобус қатынасынсыз қаламыз деуге ешқандай себеп жоқ.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу