AstraZeneca екпесінен тромбоз пайда болатыны расталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

AstraZeneca екпесінен тромбоз пайда болатыны расталды

07.04.2021

AstraZeneca екпесінен тромбоз пайда болатыны расталды. Бұл туралы Дәрі-дәрмек жөніндегі Еуропалық агенттік хабарлады. Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы препараттың тиімділігі жағымсыз әсерлерден әлдеқайда басым деп отыр. Сонымен қатар, ұйым әлемде «ковид» құрбандарының саны күрт артқанын және әлі де екпеге қол жеткізе алмай отырған елдер барын мәлімдеді.

Ал АҚШ президенті Джо Байден вакцина қарқынын арттыруға ниетті. Сәуірдің 19-на дейін елдің барлық азаматтары екпе салдырта алады. Науқанға алғаш рет 16 жастағы үш жасөспірім де қатысты.

Венгрияда 2,5 миллион тұрғын вакцинация алған соң, карантин жеңлдетіліп жатыр. Коменданттық сағат қысқарып, дүкендер мен сауда орындарының жұмысы жанданды. Ұстаздар екпе салдыртқан соң, мектептер де ашылады деп жоспарланған.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу