Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпе алуға жазылу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпе алуға жазылу жүріп жатыр

07.04.2021

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпе алуға жазылу жүріп жатыр. Ол үшін egov.kz сайты немесе Damumed мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру керек. Осылайша медициналық мекемелер вакцина алғысы келгендерді апта соңына дейін тіркеп, кейін екпе егуді жоспарлап отыр.

Вакцинаға алдын ала жазылу адамдардың көп жиналуын болдырмау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін істеліп отыр дейді мамандар. Әрі екпе егу пунктерінің саны 36-дан 100-ге дейін өсіп, олардың жұмыс істеу уақыты түңгі 12-ге дейін ұзартылды. 

Досжан Маратұлы

вакцина

Хабарламаларға жазылу