Ақмола облысында 3 ауылға баратын жол жоқ
Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Новоникольское, Құмдыкөл, Меньшиковка ауылдарына баратын жол жоқ. Үш ауылда бір жарым мыңнан астам тұрғын бар. Көлік қатынасы өткен жетіден бері тоқтаған. Екі апта бұрын қарлы боран соғып, жолдарды басып қалған. Ал тұрғындардың алқап үстіне жол салып, қатынаудан басқа амалы қалмаған. Новоникольское мен Сандықтаудың арасы 18 шақырым. Оның 5-6 шақырымын қалыңдығы 2 метр болатын қар алып қалған. Жолды тазалап жатқан техниканың қозғалысы баяу. Күніне 600-700 метр ғана аршылады.
Вадим Миронов, Сандықтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Жолдың екі жағынан да тазалап жатырмыз. Қар қалың және ылғалды, ауыр. Сондықтан жұмыс баяу жүруде. Қазіргі уақытта 900 метр қашықтық қалды. Жолды ертең ашамыз деп ойлаймын. Қажетті техника жұмылдырылған.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16